×

Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті

12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған

 Халық үні 17.04.2023 | 08:01
Фото: ҚР ТЖМ

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.

Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.

Өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

«Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден аса құтқарушысы, 10 техникасы, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама