×

«Лаңкестер басып алды». Астанада ата-аналар жауапқа тартылады

Оқиға орнына дереу жақын маңдағы полиция жасақтары жіберілді

 Дәурен Ерболат 14.04.2023 | 17:32
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Елордада 2-сынып оқушыларының ата-аналары жауапқа тартылады, деп хабарлады Polisia.kz.

102 нөміріне сағат 12:17-де қаладағы мектептердің бірін белгісіз біреулердің басып алғаны туралы ақпарат түскен.

Хабарламаның Пригородный тұрғын алабындағы жекеменшік мектептердің бірінен түскені анықталды. Оқиға орнына дереу жақын маңдағы полиция жасақтары жіберілді. Ақпарат расталмады.

Полицейлер факт бойынша тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 2-сынып оқушыларының үзіліс кезінде 911 нөміріне хабарласып, мектепті лаңкестердің басып алғанын, өздерінің дәретханаға тығылып қалғаны туралы ақпарат таратқаны анықталды. Осылайша, олар қалжыңдағысы келген. Осыдан кейін оқушылар және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.

Ата-аналар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция қазақстандықтарға көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жаза қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама