×

Жезқазғанда қант бағасы 8% арзандады

ҚМА өнімді жеткізуде артық делдалдарды анықтады

 Динара Амантай 14.04.2023 | 16:25
Фото: el.kz

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласындағы супермаркеттер желісіне қантты жеткізуде делдалдарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кәсіпкер қанттың 1 келісін 438 теңгеден жеткізіп отырған. Оның ай сайынғы сату көлемі 65 тоннаны құрайтыны анықталды. Аталған жеке кәсіпкермен комиссия жұмысының нәтижесінде көрсетілген супермаркеттер желісіне қантты делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалып, қанттың өзіндік құны 8% арзандап, 403 теңгені құрады. Осылайша, Жезқазған тұрғындары ай сайын 2,2 миллион теңгені үнемдейтін болады.

Сонымен қатар, облыста «Амина» ЖК-нің тауық етін 15 пайыздан аса тауарлық үстемемен сатқан фактісі анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баға 10%-ға, 1 келісі үшін 1 220 теңгеден 1098 теңгеге дейін төмендетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама