×

Бензиннің қымбаттауы қазақстандықтардың қалтасына салмақ түсірмейді – сарапшы

12 сәуірде Қазақстанда жанар-жағармай бағасы өскен

 Дәурен Ерболат 14.04.2023 | 12:58
Фото: Halyq Uni

Елімізде бензиннің қымбаттауы қазақстандықтардың қалтасына салмақ түсірмейді. Бұл туралы сарапшы, «Байдильдинов. Нефть» бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, Үкімет бензин мен дизель отынының бағасын өсіруге мәжбүр болған.

Мұны мен бағаның өсуі, қымбаттауы деп айтпас едім. Себебі бұл – саланы шығынсыз болатын дейгейге жеткізу, реттеу. Мұны алғашқы қадам деп айтуға болады. Қазақстанда жалпы энергия, отын шығынға қарамастан сатылып жатыр. Бұл бұрыннан белгілі. Осы жағдай ресурстарды үнемдеуге ынталандырмайды. Екіншіден, дизель мен бензин сыртқа кетіп жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың ұсынысын қолдаймын. БАҚ-та оның айтқан сөздерін сәл басқаша жеткізу болды.

Жаңалықтарды оқысақ, (жанар-жағармай – автор) бағасының өсуіне көршілерімізде өнім қымбат, демек бізде де одан жоғары болу керек деген ой келеді Ашығын айтсақ, ол (Үкімет басшысы) мұнай саласына инвестиция керектігін айтқан еді. Бүгінде мұнайды өңдеу қарқыны жоғары. Сондықтан біз мұнай өнімін қосымша өңдей алмаймыз», - деді Олжас Байділдинов Астанада өткен мұнай-газ жасау саласын дамытуға арналған форумның кулуарында.

Сарапшының айтуынша, 2017 жылы Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары күрделі жөндеуден өткен. Алайда дизель тапшылығы мәселесі шешілмеген.

«Осыдан кейін біз дизельді жеткілікті деңгейде өндіре бастадық. Тіпті, оны экспортқа да шығардық. Біріншіден, отынды заңды және заңсыз түрде шетелге шығару жалғаса берді. Екіншіден, Қазақстан нарығында дизельді тұтыну көлемі артты. Бүгінде біз 2017 жылы болған жағдайға қайта тап болдық. Бүгінде біз 5,5 млн тонна дизель отынын өндіреміз. Сондай-ақ бізге тағы 800 мың тонна дизельді Ресейден импорттау керек. Оны қалай аламыз? Себебі ондағы өнімнің бағасы (Қазақстанмен салыстырғанда, – автор) 40-50% жоғары. Әрине елдегі ешбір жанар-жағармай құю станциясы шығынға батып, мұны істемейді. Сондықтан (мұнай мен дизельдің) бағасын реттеуге туралы келді», - деді «Байдильдинов. Нефть» бағдарламасының жүргізушісі.

Сондай-ақ ол Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин 250 теңгеге (1 литрі), жазға арналған дизель отыны 350 теңгеге сатылуы керек деген пікірде.

Мысалы, жеңіл көлік орташа есеппен айына 100 шақырымға 10 литр бензин жұмсайды. Демек көлікке айына 100 литр бензин керек. Отын бағасы 20 теңгеге өскенде жүргізуші немесе отбасы отынға айына 2 мың теңге артық жұмсайтын болады. Қазір интернетке одан көп ақша жұмсаймыз. Мен бұны инфляцияға әсер ететін айтарлықтай фактор деп ойламаймын. Әлихан Асханұлы Үкіметтің есебінше жанар-жағармайдың инфлициядағы үлесі 1% екенін айтты. Біз жанар-жағармайға айтарлықтай ақша жұмсамаймыз. Мысалы, ЖЖҚС-дағы отынның бағасын көргенде ол бізге тек психологиялық жағынан әсер етуі мүмкін, - деді ол.

Halyq Uni тілшісі сарапшыдан «Демек, жанар-жағармай бағасының өсуі қазақстандықтарың қалтасына ауыр тимейді ғой?» деп сұрақты нақтылады.

Иә, отынға жұмсалатын шығын айтарлықтай көп емес... Қазақстандықтар Ресей азаматымен салыстырғанда орташа жалақымен көп отын салып ала алады, - деп сөзін түйіндеді Олжас Байділдинов.

Айта кетейік, 12 сәуірде елімізде жанар-жағармай қымбаттаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама