×

Алматыда жасыл желектерді өңдеу басталды

Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары 2,3 млн-нан аса ағашты қамтиды

 Динара Амантай 14.04.2023 | 09:38
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Бүгін, 14 сәуірде Алматыда жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл бірінші кезеңде емендер төрт рет, теректер екі рет өңделеді. Бұл шара ағаштарды сақтау және олардың зиянды микроазғаларға төзімділігін арттыру үшін жүргізіледі.

Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары 2,3 млн-нан аса ағашты қамтиды. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүргізіледі. Өңдеу үшін қауіптілігі төмен биологиялық препарат қолданылады. Ол қоршаған ортаға, адамға, үй жануарларына, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді.

Өңдеу 4 кезеңде жүргізіледі:

  • 14 сәуірден 20 мамырға дейін;
  • 30 мамырдан 30 маусымға дейін;
  • 10 шілдеден 10 тамызға дейін;
  • 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама