×

Енді астаналықтар Гуанчжоуға ұша алады

Ұшақ аптасына 2 рет қатынайды

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 15:32
Фото: airdatanews.com

Елорда халықаралық әуежайынан Қытайдың Гуанчжоу қаласына ұшуға болады, деп хабарлады Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Астана әуежайынан China Southern әуекомпаниясы Үрімші арқылы Гуанчжоуға аптасына 2 рейс орындайды. China Southern арқылы елордадан Қытайдың кез келген қаласына жете аласыз, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент пен Дели арасында әуе рейсі ашылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама