×

Шымкент пен Дели арасында әуе рейсі ашылады

Ұшақ аптасына 2 рет қатынайды

 Дәурен Ерболат 12.04.2023 | 17:45
Фото: Informburo.kz

Шымкент пен Үндістанның Дели қаласына қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.

Қазір комитет халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жұмысын жалғастырып жатыр.

Алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады. Рейстерді Fly Arystan әуе тасымалдаушысы (Air Astana АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап Airbus-320 ұшағымен аптасына 2 рет жиілікпен орындайды, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының нығаюы қос ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама