×

Алматылық оқушылар NASA ұсынған халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Бұл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысқан

 Динара Амантай 13.04.2023 | 14:50
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы физика математика-бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған «Aenoica» жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жоба кураторы, 11-сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген.

Біз 300 мың тұрғынның үйіне айналатын станция құрып қана қоймай, кванттық коммуникацияларды, технологиялық дамыған агрокультураны пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін құрдық. Біздің жоба үздіктер қатарына енгеніне қуаныштымын, - деді Райымбек.

Ғарыштық қоныстар – АҚШ-тың NASA ұйымы ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқау. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысып, еркін ғарыштық қоныс тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс істейді. Биыл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысып, алматылық оқушылар 1-орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама