×

«Азия Авто» зауыты қайта іске қосылуы мүмкін

Көлікті құрастыру үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, - деді Даниал Ахметов

 Дастан Жұмабекұлы 13.04.2023 | 10:07
фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында осыдан 3 жыл бұрын жұмысы тоқтаған «Азия Авто» кәсіпорны қайта ашылуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов автомобиль зауытын қайта ашу мәселесіне қойылған сұраққа жауап бергенде айтты.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниясының тобына кіретін «Азия Авто» кәсіпорнымен келісімшартты бұзып, сот арқылы оның қызметін тоқтатқан еді. Осыдан кейін зауытта жұмыс орындары жабылып, автокөлікті құрастыру тоқтатылған болатын.

Әрине, «Азия Авто» зауытын қайта ашу жоспарда бар. Осы мәселе бойынша сотта іс қаралып жатыр. Сот шешім шығарғанда облыс әкімдігі кәсіпорынды іске қосу үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайды. Содан кейін біз автокөлік құрастыратын компанияны табамыз деп ойлаймын, – деді облыс әкімі.

Облыс басшысының айтуынша, әкімдік «Азия Авто» сияқты өңірдегі ірі кәсіпорынды жоғалтқысы келмейді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама