×

Павлодар облысында басшылар бюджет қаржысын жымқырған

Олар үйқамаққа алынды

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 09:16
Фото: Halyq Uni

Екібастұзда «Богатырь Көмір» компаниясы басшыларының мемлекет қаржысын жымқырғаны анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС басшыларының қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Автобаза директоры аталған компанияда жұмыс істейтін басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді. Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнатуды имитациялап, құжаттарға қол қою әрекетінен тұрған. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Ал басшылар жаңа қосалқы бөлшектерді өздері сатып отырған, - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді. Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты басшыларға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама