×

«Коттедж бен пәтерлерді төмен бағамен сатқан»: Алматы әкімдігінің лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

Тергеу сотының санкциясымен үш күдікті адам үй қамағына алынды

 Халық үні 12.04.2023 | 19:14
ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында коммуналдық меншікті (сот үкімі бойынша тәркіленген 3 коттедж және 2 пәтер) өткізу тәртібінің бұзылуы анықталып, бағалау туралы жалған есептер негізінде тікелей үлестес жеке тұлғаларға төмен бағамен сатылғаны анықталды (объектілердің құны бірнеше есе төмендетілген).

Олардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 819 млн. теңгені құрады (жылжымайтын мүлік объектілері құнының айырмасы). Тергеу барысында қабылданған шаралармен залал толығымен өтелді.

Тергеу сотының санкциясымен үш күдікті адам үй қамағына алынды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам сот үкімі заңды күшіне енгенше қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама