×

Хабиб Нурмагомедов жекпе-жекке қайтып шығатынын айтты

Бірақ ММА емес, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2023 | 10:18
фото: championat.com

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада үлкен спортқа қайтып оралатынын айтты.

Ол әлеуметтік желіде жүгіру спорт жолағында жасаған жаттығудан видео жариялап, жекпе-жекке шілде айына дейін дайын болуы керектігін айтты.

Бірақ ММА емес, – деді ол.

Спортшы жекпе-жек туралы ешқандай мәлімет бермеді.

Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың күзінде өткізіп, америкалық спортшы Джастин Гэтджиді жеңді. Ол 2020 жылдың шілде айында әкесі қайтыс болған соң, октагонға қайтып шықпауға уәде берген еді.

Хабиб аралас жекпе-жекте 29 рет октагонға шығып, бәрінде жеңіске жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама