×

Месси клубтық деңгейдегі гол рекорды бойынша Роналдудан асып түсті

Ол бұл нәтижеге жету үшін 105 матчты кем өткізген 

 Еркеғали Болатұлы 09.04.2023 | 14:41
фото: David Ramos / 2020 Getty Images

Францияның «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Месси Криштиану Роналдудың Еуропаның клубтық деңгейдегі рекордын жаңартты.

Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, аргентиналық ойынша Франция чемпионатының 30-турында «Ницца» командасымен өткен матчта (2:0) гол соқты. Бұл – Лионель Мессидің Еуропадағы клубтық деңгейдегі 702-голы. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш жөнінен қазір Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналдудан (701) асып түсті. Месси бұл нәтижеге жету үшін 105 матчты кем өткізген.

Месси «ПСЖ» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Клубпен келісімшарт 2023 жылға дейін есептелген. Биыл барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама