×

Желіде Шымкентте әкімнің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Хабарламада Шымкенттің Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбектің ұсталғаны туралы айтылады

 Халық үні 09.04.2023 | 00:42
Фото: otyrar.kz

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі аудан әкімі ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады otyrar.kz.

Хабарламада Шымкенттің Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбектің ұсталғаны туралы айтылады.  

Шенеунік бұның бәрі ойдан шығарылған, жалған ақпарат екенін, жұмысын жалғастырып, аудан халқымен кездесуге дайындалып жатқанын айтқан.

Әкім бұл сөздің қайдан шыққанын анықтайтынын айтып, жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама