×

Ақбөкенді атқандарға 7 млн теңге айыппұл салынады

Олардың саны 2 есе өскен

 Дәурен Ерболат 07.04.2023 | 16:50
Фото: osken-onir.kz

Ақбөкенді атқан адамдарға 5-7 млн теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Соңғы 5 жылда өңірде ақбөкендерді ату, тасымалдау дерегі тіркелмеген.

Былтырға қарағанда олардың саны 2 есе өсті. Бүгінде 1 млн 318 мың, – деді Руслан Төлепбаев.

Сондай-ақ ол киіктерді атуға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.

Мұндай заңсыздықтар  болса, 5-7 млн теңге айыппұл салынады әрі 3-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді иснпекция басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама