×

IBA бокстан әлем чемпионатына қатысты шешім қабылдады

Қазір 104 елден 640 спортшы тіркеліп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 10:16
фото: ашық дереккөз

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын шешім қабылдады. Қауымдастық бойкот жариялаған елдердің наразылығына қарамастан әлем чемпионатының уақытында болатынын хабарлады.

Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысады. Жалпы, додада 104 елдің боксшылары күш сынасады. Қазір 640 боксшы тіркеліп отыр. Олар 13 салмақ бойынша қолғап түйістіреді. Алайда IBA тіркеуді 14 сәуірге дейін жалғасатыратынын хабарлады.

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 5,2 млн доллар. Әр салмақтағы чемпионға алтын жүлдемен бірге 200 мың доллар табыс етіледі. Күміс жүлдегерлерге 100 мың және қола жүлдеге 50 мың доллар беріледі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама