×

Қаңтар оқиғасы: Алматы облысы ҰҚКД бұрынғы бастығына сот үкімі шықты

Ол Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған

 Халық үні 06.04.2023 | 22:34
Фото: vlast.kz

Лауазымды адамның өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс және ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы фактісі бойынша іс қаралды (ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі), деп хабарлады Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.

«К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігінен асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтарда болған оқиғаларды ескере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға Департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, соның салдары кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқтырды («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайды жария ету мүмкін емес).

Сот үкімімен К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Президентіне К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама