×

Павлодар облысында өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды

Өрттің неден шыққаны белгісіз

 Дәурен Ерболат 06.04.2023 | 17:32
Фото: gov.kz

Баянауыл ауданында өрт сөндірушілер жойқын жарылысқа жол берген жоқ, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

6 сәуірде сағат 11:00 шамасында 101 пультіне Баянауыл ауданы Жарылғап көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанып жатқаны туралы ақпарат түсті.

1967 жылғы әйелді күйік шалған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде саман мен қамыстан салынған жер үйдегі заттар, жиһаздар, ағаш есіктер өртеніп жатқанын көрген. Өрттің жалпы ауданы – 28 шаршы метр.

Бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Д. Ыбыраев 27 литр болатын 2 газ баллонын үйден алып шығып, жойқын жарылыстың алдын алды, – деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 6 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт түскі сағат 12:10-да толық сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама