×

Ринат Зайытов Петропавл мен Павлодар атауын өзгертуді қандай жағдайда қолдайтынын айтты

Оған жергілікті халық пен мәслихаттың талабы қажет

 Халық үні 05.04.2023 | 21:09
фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Петропавл мен Павлодар қалаларының атауын өзгертуді қандай жағдайда қолдайтынын айтты. 

Ол Солтүстіктегі екі облыстың атауын өзгертуді халық қолдаса, өзі де қолдайтынын атап өтті. 

Біз 20 жылдан бері Петропавл және Павлодар қалаларының атауы жөнінде өз ойымызды айтып жүрміз. Еліміздің заңнамасында жергілікті халық пен мәслихаттың талабы қажет дейді.

Мен екі қолыммен қолдаймын, егер жергілікті халық осы бастаманы көтеретін болса,тиісті қол жинаса барынша қолдаймын» - деді депутат. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама