×

Солтүстік Қазақстан облысында жасырылған қару-жарақ табылды

Қазір оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған адам іздестіріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2023 | 10:50
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды. Петропавл қаласы Жұмысшы кентінің шетінде ҰҚК және ҚАЖД қызметкерлері скотчпен оралған қара кенеп қапшықты тапты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оның ішінде аңшы шолақ мылтығы, «Байкал» маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болды. Бұдан басқа, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері табылды.

Онда 7,62 мм 30 оқ, 16-калибрлі 53 оқ, 12-калибрлі 2 оқ, 5,6 мм 6 оқ, 9 мм 145 оқ болды. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысының бар-жоғы тексеріледі, – делінген хабарламада.

Қазір қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған адам іздестіріліп жатыр. Полицейлердің айтуынша, қару-жарақты жасырған адам табылса, ол ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама