×

Қостанай облысында бір аптада ер адам мен әйел өз-өзіне қол жұмсаған

Полиция екі факті бойынша ҚР ҚК 105 бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады

 Халық үні 05.04.2023 | 08:31
Фото: pixabay.com

Қостанай облысы полиция департаменті бір аптада 2 адамның өз-өзіне қол салғанын растады, деп хабарлады Alau.kz.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде оқиға туралы кейбір мәліметтер пайда болды.

«Бір апта ішінде Лисаковскте 2 адам өзіне қол жұмсады. «Рассвет» гаражында 61 жастағы ер адам өзіне қол жұмсады. 5 шағын ауданда 31 жастағы әйел де өз-өзіне қол салды», – делінген әлеуметтік желілердегі хабарламаларда.

Полиция екі факті бойынша ҚР ҚК 105 бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама