×

Орманда от жаққандарға айыппұл салынады

Демалушылар өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға тиіс

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 15:25
Фото: AP

Ерекше қорғалатын аумақтағы рұқсат етілмеген жерде от жаққандарға айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қалада күн жылынған кезде өрт қаупі жоғарылайды.

Табиғат аясында демалушылардың назарына Іле-Алатау ұлттық саябағында тамақ пісіруге арналған 14 орын бар. Оның ішінде 12 орын – Алмаарасан шатқалында, Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында, 2 орын – Бутаковкада, - деді Данияр Жүсіпов Алматыдағы өңірлік коммуниция қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ ол орманда демалғысы келетін алматылықтарға ескерту жасады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда және арнайы белгіленбеген жерлерде от жаққаны үшін орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  367-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға құқылы. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері – 10-нан 100 АЕК-ке дейін (34 500-345 мың теңге аралығында, 1 АЕК – 3450 теңге), - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама