×

Жетісу облысында екі оқушыны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр

 Дәурен Ерболат 03.04.2023 | 11:40
Фото: primeminister.kz

Жетісу облысында полиция оқушыларды жезөкшелікпен айнаналысуға мәжбүрлеген 30 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Жетісу облысында 9 ай бойы кәмелетке толмаған 2 қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 30 жастағы әйел анықталды.

Жәбірленушілер – 2008 жылы туған, 8-сынып оқушылары. Олардың тапқан табысын жеңгетай өзі алып отырған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы («Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту») және Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, жеңгетайлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама