×

Түркістан облысында тұрғындар қызметтік көліктегі мас полицейлерді ұстап алды (ВИДЕО)

Кадрда олардың қашып кетпек болғаны айтылған

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2023 | 13:20
фото: Zakon.kz

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары 30 наурызда сағат 23:22 шамасында қызметтік формадағы мас полицейлерді ұстап, видеоға түсіріп алған.

Видео авторының айтуынша, полицей көлікті мас халде жүргізген. Сондай-ақ оның қасында отырған 2 полиция қызметкері де мас болған. Кадрда олардың қашып кетпек болғаны айтылған.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі бұл факті бойынша департамент басшысының тапсырмасымен қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Енді мәселені тәртіптік комиссия ертең, яғни 3 сәуірде қарайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама