×

U-20 әлем чемпионаты Индонезияда өтпейтін болды

Ертең жеребе тарту рәсімі де болмайды

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 17:30
фото: ашық дереккөз

ФИФА Индонезияны жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырды.

Мұндай шешім ФИФА президенті Джанни Инфантино мен Индонезия футбол қауымдастығының (PSSI) басшысы Эрик Тохирдың кездесуінен кейін қабылданды.

Қазіргі жағдайға байланысты Индонезияны турнирді өткізу құқығынан айыру туралы шешім қабылданды. Жақын арада әлем чемпионатын өткізетін жаңа мемлекет белгілі болады, – делінген ФИФА мәлімдемесінде.

Бұған дейін Бали аралының губернаторы Ваян Костер Израиль құрамасын жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыстырмауға шақырған болатын. Костердің мәлімдемесіне байланысты, ФИФА 31 наурызға жоспарланған 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімін тоқтатты.

Әлем чемпионаты Индонезияда 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтуі керек еді. Оған 24 команда қатысатын болған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама