×

АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды тағы ұзартты

Санкциялар 2023 жылдың 1 сәуірінен кейін де күшінде болады

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 11:15
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден Ресейді Құрама Штаттарға кибершабуыл жасады деп айыптап, РФ-ға қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақ үй басшысының айтуынша, бұл зиянды әрекеттер Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына әдеттен тыс және төтенше қауіп төндіреді.

Санкциялар 2023 жылдың 1 сәуірінен кейін де күшінде болады.

Құжатта (№13694 Жарлық) төтенше жағдайды бір жылға ұзарту туралы шешім қабылданды. Тікелей санкциялар салатын №13757 Жарлық күшінде қалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама