×

Мәжіліс төрағасы Үкіметтің жаңа құрамы туралы пікірін айтты

Үкіметтің жаңа құрамы алдағы уақытта белгілі болуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 29.03.2023 | 14:55
Фото: otyrar.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа премьер-министрді тағайындау мен Үкіметтің құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Біз Мемлекет басшысына (премьер-министрдің) кандидатурасын ұсынамыз. Менің ойымша, бұл жақында болады: ертең немесе оның арғы күні.

Қазір процедураны пысықтап жатырмыз. Президентпен кездескенде (үкімет басшысының) кандидатурасын ұсынамыз деп ойлаймын. Жалпы отырыста да өз келісімімізді береміз», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Ол премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске партия ұсынатынын еске салды.

Біз дайынбыз. Мәжілісте көп дауыс жинаған партия үкімет басшысының кандидатурасын ұсынады, - деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ журналист Мәжіліс төрағасына «Сіздің ойыңызша, қай министрлер жұмысынан кетуі керек?» деп сұрақты төтесінен қойды.

Мұны айта алмаймын. Себебі, премьер-министр жоқ. Уақытын келгенде сіздерге айтамыз, - деді ол.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама