×

Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсына алады

Президент саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынды

 Халық үні 29.03.2023 | 10:59
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынуға құқылы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс, – деді мемлекет басшысы.

Президент болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн екенін айтты.

Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады, - деді Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлауда Amanat партиясы жеңіске жетті. Партиялар төмендегідей дауыс жинады:

  • Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
  • «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
  • Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
  • Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
  • «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

Мәжіліс депутаты болғандардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама