×

Қазақстандық боксшы Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Осылайша, ол кәсіпқой бокс мансабында 14-жеңісіне қол жеткізді

 Динара Амантай 25.03.2023 | 11:45
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) болды. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетсек, ол WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама