×

Түркияда екі күн қатарынан жер сілкінді

Зілзаланың магнитудасы 5,3 баллға дейін жетті

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 12:30
фото: ашық дереккөз

Түркияның Каһраманмараш илінде (облыс, провинция, – ред.) кешеден бері қатарынан екі рет жер сілкінді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Зілзала елдің оңтүстік-шығысындағы Гексун ауданында болған. Оның магнитудасы 4,7 баллға дейін жеткен.

Түркияның Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы 7,43 шақырым тереңдікте болған.

Бұған дейін, 23 наурызда Каһраманмарашта қуаты 5,3 балл жер сілкінісі болған еді. Одан кейін 4,3 балл зілзала тағы болды. Ал 6 ақпанда болған жер сілкінісінен 50 096 адам қаза тапты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама