×

Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатердің алдын алу керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы осы мақсатта тиісті шаралар қабылдау керектігін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2023 | 13:08
фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке шынайы баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама