×

Алматыда адамды құтқарған полицейлер марапатталды

Олар ер адамды суицидтен аман алып қалды

 Динара Амантай 11.03.2023 | 12:02
Фото: stan.kz

Алматыда көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалған полицейлер марапатталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 наурызда Алматы қаласы Түрксіб аудандық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аға инспекторлар Санжар Әбдірайымов пен Құдайберген Тоғжанов азаматтың өзіне-өзі қолжұмсау әрекетінің алдын алған.

Ер адам жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауынан қолымен ілініп тұрған. Жол қозғалысын тоқтатқан полицейлер жүк көлігін, өзін көпірден тастап жіберуге әрекеттенген ер адамның астына әкеліп қойды. Осы әрекеттер арқылы адамның өмірін сақтап, қайғылы оқиғаны болдырмаудың мүмкіндігі туды.

10 наурызда Түрксіб ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев, адамды құтқару бойынша жедел және үйлесімді жұмысты қамтамасыз еткені үшін инспекторларға алғысын білдіріп, оларды атаулы қол сағаттарымен марапаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама