Тиісті ақпарат жеке кабинетке жіберіледі
«Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» қызметі eGov.kz порталы мен eGov мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Бүгін күшіне енген «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында банкроттыққа өтінімді борышкердің өзі ғана бере алады.
Өтініш берер алдында борышкердің алдымен төмендегі мәліметтерді тексеруі керек:
eGov.kz порталында және Халыққа қызмет көрсету орталығында құжатсыз өтініш берудің мәні жоқ. Ең алдымен екінші деңгейлі банктерден қажет растауларды алыңыздар. Тек осыдан кейін жеке тұлғаның банкроттығына өтініш беруге болады, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
eGov.kz порталындағы жаңа қызметті порталдың басты бетінде және «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Экономика және қаржы» бөлімінен табуға болады. Аналогиялық қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасының «Арнайы қызметтер» бөлімінде қолжетімді.
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:
Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде жеке кабинетте хабарлама ретінде жіберіледі. Шешімді Қаржы министрлігінің сайтынан қарауға болады.
Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады. Сондай-ақ бұл қызмет банкроттық туралы соттан тыс іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш беруді қарастырады.
Берілген өтінім ақпарат жарияланған күннен бастап 6 айда қарастырылады.
Жаңа қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қаржы министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
Айта кетейік, заңға сәйкес банкроттық рәсімінің 3 түрі болады. Банкроттыққа сотталғандар да өтініш бере алады.