×

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Оның салдарын да ұмытпаған жөн

 Дәурен Ерболат 03.03.2023 | 09:44
Фото: elements.envato.com

Бүгіннен бастап несиесін әрең төлеп жүрген қазақстандықтар банкроттыққа өтінім бере алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2022 жылғы 30 желтоқсанда президент «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, былтыр қазақстандықтардың несие қарызы 14 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде тұтынушылық несиенің көлемі – 8 трлн теңге.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 1,5 млн адамның қарызын төлей алмай жүргеніне 90 күннен асып кеткен.

Заңға сәйкес банкроттық рәсімінің 3 түрі болады. Банкроттыққа сотталғандар да өтініш бере алады.

Банкроттықты рәсімдеудің салдары:

  • 5 жылға несиелер алуды шектеу көзделеді;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, осы рәсімнің нәтижесінде 1,1 млн қазақстандық несиесінен құтылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама