×

Алматыда адам өлтірген үш адам 8 жылдан кейін ұсталды

2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында адам өлтіру дерегі тіркелген

 Халық үні 02.03.2023 | 08:35
Фото: 24.kz

Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы адам өлтіру қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында адам өлтіру дерегі тіркелген. Сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс істеген 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі адам өлімінің тұншығудан болғанын анықтады.

«Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Үш еркекті қызықтырған сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшылық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіргенімен, көлікті ала алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды», - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлы жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама