×

280 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізбек болған қарағандылық ұсталды

Агенттік көлеңкелі экономикамен күресті жалғастырады

 Дәурен Ерболат 27.02.2023 | 09:24
Фото: MKT

Қарағанды облысында жарты млн-ға жуық қорап темекіні заңсыз өткізбек болған тұрғын анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА облыстық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын анықтады.

Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан аса қорап болатын әртүрлі маркалы темекі өнімдері анықталып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 млн теңгеден асады, – деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚМА көлеңкелі экономикамен күресті жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама