×

Польша билігі қазақстандық 400-ге жуық жүк көлігін елге өткізбей тастады

Енді оларды Литва аумағы арқылы өткізу жағы келісіліп отыр

 Еркеғали Болатұлы 26.02.2023 | 09:18
фото: ашық дереккөз

21 ақпаннан бері Польша Еуропалық Одақтан басқа барлық елдердің тасымалдаушылары үшін жүк көліктерінің өтуіне тыйым салды. Соның салдарынан ол елдің аумағында 400-ге жуық қазақстандық көлік тұрып қалған.

Соған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті мәлімдеме жасады.

Министрлік жүк тасымалдаушылардың өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп, біздің жүк тасымалдаушылардың өзекті тізімін жасады. Сондай-ақ Варшава және Вильнюстегі Қазақстан елшіліктерімен бірлесіп, Польша және Литваның көлік саласындағы уәкілетті органдарымен қазақстандық көліктің шығуына рұқсат беру туралы келіссөздер жүргізілді, - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Енді қазір Литва Көлік және коммуникация министрлігімен автомобиль тасымалы бойынша аралас комиссияның отырысы өтіп, соның нәтижесінде Польшадағы қазақстандық жүк көліктерінің Литва аумағы арқылы өтуі туралы мәселе келісіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама