×

Қазақстан Украинадағы соғысты қолдамады

Еліміз дауыс беруден қалыс қалды

 Дастан Жұмабекұлы 24.02.2023 | 16:10
фото: ашық дереккөз

БҰҰ Бас Ассамблеясы кезектен тыс сессиясында Ресейдің Украина еліне шабуылын тоқтатып, бұл елден әскерін шығаруды талап ететін қарар қабылдады.

Резолюцияны 141 мемлекет қолдады. Ал 32 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды. Оның ішінде Қытай, Армения, Қазақстан, Боливия, Куба, Иран, Үндістан мен басқа да мемлекеттер бар.

Ресей мен Беларусьті қосқанда, 7 мемлекет қарарға қарсы дауыс берді. Олардың арасында Солтүстік Корея, Эритрея, Мали, Никарагуа мен Сирия бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама