×

Түркияның Хатай қаласында тағы жер сілкінісі болды

5 магнитудалық жер сілкінісі Хатай қаласының Дефне ауданында болды

 Халық үні 23.02.2023 | 22:44
Фото: aa.com.tr

Түркияның Хатай қаласында 5 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

«Дүлей апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарма (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Хатай қаласының Дефне ауданында болды. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 9,76 км», - делінген Анадолы агенттігі таратқан мәліметте.

 Хатай губернаторы Рахми Доганның айтуынша, жер сілкінісінен зақымданған бірнеше ғимарат қираған.Одан басқа айтарлықтай оқиға болмаған.

Еске салайық, 20 ақпан күні Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 562 тұрғын зардап шеккені хабарланды.

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жойқын жер сілкінісінен мерт болғандар саны соңғы мәлімет бойынша 42 310 адамға жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама