×

Түркияда 300 мың адам бала асырап алуға өтініш берді

Бұрын мұндай арыз күніне үш адамнан ғана түсетін

 Халық үні 23.02.2023 | 08:34
Фото: MOHAMMED AL-RIFAI

Түркияда жер сілкінісінен кейін жетімдер саны өсті. Нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ ата-анасыз қалған балаларды асырап алуға өтініш бергендер саны 300 мыңға жуықтап қалды, деп хабарлайды Qazaqstan TV. 

«Хабертүрік» басылымының дерегінше, бұрын мұндай арыз күніне үш адамнан ғана түсетін. Қазір олардың саны он есеге өскен.

Айта кетейіе, Түркия мен Сирияда жойқын зілзала ақпанның 6-да болып, 47 мыңнан астам адам қаза тауып, талай бала ата-анасынан айрылды. Және де жер сілкіністері дүйсенбіде тағы қайталанып, одан да екі елде бірнеше тұрғын мерт болған.

Тағы бір айта кететін жайт, Түркияда үйлердің құлауына байланысты 564 күдікті тұтқындалған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама