×

Жалақы – 120 мың теңге: Қазақстанда балабақша тәрбиешісі тапшы

Балабақшаларда 1 млн-нан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр

 Дәурен Ерболат 21.02.2023 | 13:50
Фото: aprk.kz

Елімізде 15 мыңға жуық балабақша тәрбиешісі жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Жасыратыны жоқ, бірінші себеп – жалақының аздығы. Сондықтан жас мамандар бұл салаға қызықпайды. Екіншіден, тәрбиешілер мектепке дейінгі даярлық тобында біраз тәжірибе жинап, мектепке ауысып кетеді. Онда айлық жоғары», - деді Манара Адамова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айутынша, бүгінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысында айырмашылық айтарлықтай.

Балабақшада ең төменгі екінші санаты бар әрі 5 жылдық тәжірибесі бар педагогтардың орташа айлығы – 164-172 мың теңге, ал тәжірибесі жоқ тәрбиешілер 94-120 мың теңге аралығында жалақы алады, - деді директор.

Айта кетейік, бұған дейін өзге ұлт өкілдері балаларының қазақша білгенін қалайтыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама