×

Астанада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді (ВИДЕО)

Күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 20.02.2023 | 13:09
Фото: polisia.kz

Елордада Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Күмісбеков көшесіндегі үйдің жанынан Range Rover-дің жүк салғышында күшті синтетикалық есірткі заты – мефедронның 2 пакеті табылды. Көлікті 35 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткіні Алматыдан сатып алып, көлікпен Астанаға жөнелтіп, өзінің елордаға ұшақпен оралғаны анықталды.

Ол есірткіні 1 келіден бөліп, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларына ірі мөлшерде көтерме сауда үшін жасырып кетуді жоспарлаған.

Күдікті есірткіні орап-түю үшін тасымалдау барысында ұсталды. Оның пәтерін тінту кезінде 2 келі гашиш, 1 млн-нан аса теңге, сондай-ақ электронды таразылар мен буып-түюге арналған материалдар алынды.

ІІМ тәркіленген есірткінің салмағы аса ірі мөлшерге жататынын атап өтті. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бүгінде іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Ұсталған адамның кімдермен байланыста болғаны анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама