×

Алматыда тегін таратылатын «МЕТРО» газеті шыға бастады

Басылым қазақ және орыс тілдерінде шығады

 Дастан Жұмабекұлы 17.02.2023 | 16:01
фото: kaztag.kz

Алматыда оқырманға тегін берілетін «МЕТРО» газеті шығарылып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Достар, сіздерге қуанышты жаңалығымды айтқым келеді! «МЕТРО» атты жаңа газетті жарыққа шығардық. Оның алғашқы 12 мың данасын Алматы метросынан, сондай-ақ танымал супермаркеттердің сөрелерінен таба аласыздар, мүлде тегін беріледі. Мен үшін бұл – айрықша маңызды оқиға. Бұл идеяны 2006 жылдан бері өмірге енгізбек болып едім. Мен газет оқитын қауымға сенемін. Біз оқу өнерін жоғалтпауға тиіспіз, – деп мәлімдеді газетті шығарушы және ҚазТАГ-тың негізін қалаушылардың бірі Әсет Матаев.

Ол қазіргі заманғы әлеуметтанушылар адамдардың цифрлы детокске ұмтылуын өсіп келе жатқан микротренд деп атайтынын айтты.

«Жұрт технологиядан артта қалып қоюлары мүмкін. Бірақ білім мен қажетті ақпараттан кейін қалуға болмайды. Редакция сіздер үшін қазақ, орыс тілдерінде, кейінірек ағылшын тілінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптарда жаңалықтар, талдаулар мен шолулар дайындайтын болады. Табыс тілейміз!» – деді Матаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама