×

Сепаратизм бойынша айыпталған оралдық Ресейде босқын мәртебесін алды – БАҚ

Былтыр күзде ол елден шығып кеткен

 Дәурен Ерболат 15.02.2023 | 16:15
Фото: әлеуметтік желіден

Сепаратизм бойынша айыпталған 36 жастағы Орал тұрғыны Максим Яковченко Ресейде босқын мәртебесін алды, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Максим Яковченко әлеуметтік желіде «Орал, Петропавл, Павлодар және тағы басқа қалаларды Ресейге беру керек. Мұнда жатжерліктер билікте отыр» деп жазған еді. Оның бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Осыдан кейін оған сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды. Сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі Максим Яковченконың 2022 жылғы 21 қыркүйекте Ресейдің Самара облысына өткенін хабарлаған.

Бүгінде оның РФ-да босқын мәртебесін алғаны белгілі болды.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Максим Яковченко Ростов облысында ұсталды. Алайда оны елге қайтару мүмкін болмады. Өйткені ол Ресейде босқын мәртебесін алған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Максим Яковченко 1987 жылы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Федоровка ауылында туған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама