×

Еркін күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

Турнир 17-18 ақпанда Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2023 | 16:52
фото: ашық дереккөз

Иранның астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Күрес түрлері федерациясы хабарлады.

Турнир 17-18 ақпанда Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша өтеді. Дүрмекті додада Қазақстан балуандары 10 салмақта сынға түседі.

Әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімі мынадай:

57 кг. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)

61 кг. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)

65 кг. Рифат Сайботалов (Павлодар облысы)

70 кг. Егор Анчугин (Алматы қаласы)

74 кг. Мұрат Жақыпов (Ақмола облысы)

74 кг. Данияр Қайсанов (Шығыс Қазақстан облысы)

79 кг. Нұрдәулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)

86 кг. Дәулетқазы Есқали (Алматы облысы)

92 кг. Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар облысы)

97 кг. Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы)

125 кг. Омар Эюбов (Алматы облысы)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама