×

Көшеде көліктерге кедергі келтірген «Каспий» клубының жанкүйерлеріне айыппұл салынды (ВИДЕО)

Жол ережесін бұзған адамдарға хаттама толтырылды

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2023 | 09:02
фото: ашық дереккөз

Ақтауда жергілікті жанкүйерлерге футзалдан Қазақстан чемпионатының «Каспий» мен Алматының «Қайрат» клубтары арасындағы матчтың алдында спорт кешеніне барар жолда көшеге шығып, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Көлік қозғалысына кедергі келтірген Ford Fiesta және Toyota Camry көлігінің жүргізушілеріне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі («Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау»), 595-бабы 1-бөлігі («Маневр жасау ережесін  бұзу») және 614-бабы 1-бөлігі («Көліктерге кедергілер жасау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, –  деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ көшеде қолындағы алауды жерге лақтырған ер адамға да әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айта кетсек, «Каспий» мен «Қайрат» командаларының ойыны 5:8 есебімен аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама