×

Елімізде жайлы мектептер салуға 2,6 трлн теңге бөлінеді

3 жылда 401 мектеп салынады

 Дәурен Ерболат 10.02.2023 | 12:07
Фото: dknews.kz

Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, жайлы мектептер 20 өңірде салынады. Нәтижесінде 840 мың оқушы екі ауысымды білім ордасында оқуға мүмкіндік алады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2022 жылғы 28 қыркүйекте мемлекет басшысы мектеп құрылысы әрі бірыңғай тапсыру беруші ретінде Samruk-Kazyna Construction АҚ-ын айқындау туралы Үкіметтің ұсынысын қолдады. Осы ұлттық жоба аясында апатты мектептерде оқытудың 3 ауысымдылығын, оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін 3 жылда 401 жайлы мектеп салынады: 226 мектеп 2024 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылады. Қалған 175-і 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін салынады, - деді Мәулен Айманбетов.

Сондай-ақ ол жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінетінін атап өтті. Оның 200 млрд теңгесі – мектептерді күтіп ұстауға, 2,4 трлн теңгесі құрылысқа көзделген.

«Жайлы мектептің орта мектептен айырмашылығына тоқталайын. Орта мектепте техникалық жабдықтау 6% болса, біз оны 20%-ға жеткізіп отырмыз. Яғни интерактивті панельдер, компьютерлер, зертханалар, робот техникалар және тағы басқа. Жайлы мектепте спорт алаңдары жеткілікті, 20%-ға артық болады. Кеңес үкіметі кезінде оқушылар мектепке жаяу барып, жаяу келетін. Сондықтан біз мектепте жарық, бейнебақылау бар болуы керек деп осындай талап қойдық. Пәндік кабинет зертхана жабдықтарымен толық жабдықталуы керек», - деді басқарма төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама