×

Мажарстандағы халықаралық турнирде Теміртас Жүсіпов өзбек боксшысын жеңді

48 келі салмақтағы былғары қолғап шеберлері ширек финалда кездесті

 Халық үні 10.02.2023 | 08:46
Фото: sports.kz

Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық тағы бір боксшы жартылай финалға шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Теміртас Жүсіпов ширек финалда 48 келі салмақта Дониер Бекмуродовпен кездесті.

Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді ол кем дегенде қола жүлде ала алады.

Теміртас Жүсіпов –  еліміздің алты дүркін чемпионы. Ол 2021 жылы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілсе, 2013 жылы Азия чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасынан турнирге 13 боксшы қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама