×

Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Көмек Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы жіберіледі

 Динара Амантай 09.02.2023 | 12:32
Фото: AP Photo / Omar Sanadik

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ басшысы президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын баяндады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама