×

Даму кубогы: Қазақстан құрамасы Өзбекстанды ұтты (ВИДЕО)

Жастар командасы келесі ойында Беларусьпен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 08.02.2023 | 17:11
фото: Қазақстан футбол федерациясы

Беларусьтің Минск қаласында футболдан 17 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Даму кубогы үшін халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Кездесуде алғаш болып 10-минутта жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл есеп ашты. Ал 20-минутта шабуылшы Темірлан Ағыманов есепті еселей түсті. Одан кейін Виктор Лакеев 80-минутта үшінші допты торда тулатты.

Кездесуде ел құрамасынан үздік ойыншы болып Ілияс Әбіл танылды.

Александр Кузнецов жаттықтыратын құрама топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні Астана уақытымен сағат 21:00-де алаң иелері Беларусь құрамасымен өткізеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Ресей футболшыларын 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Екі кездесуден кейін отандастарымыз А тобында бірінші орында келеді. 

Қазақстан U-17 – Өзбекстан U-16 – 3:0 (2:0)

Голдар: Ілияс Әбіл – 10, Тамерлан Ағыманов – 20, Виктор Лакеев – 80.

Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Виктор Лакеев 63), Ілияс Әбіл, Тимур Құрбанов (Ахметәли Қалтанов 41) (Эмин Мусаев 56), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан (Аян Байдәулетов 56) (Әділет Өмей 78), Тамерлан Ағыманов (Ерасыл Сәрсенбай 56) (Алан Адахаев 78).

Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев (қ), Шахбоз Тураев.

Аға жаттықтырушы: Александр Кузнецов.

Өзбекстан U-16: Оятилло Акрамов (қ) (Зикруллох Хотамджонов (в) 25), Шорахим Шорахметов (к) (Озодбек Шарипов 65), Бехрузджон Каримов, Хусан Купайсинов (Рихсибой Абдухаримов 41), Ферузбек Олимов (Улугбек Маратов 63), Ходжиахмад Хусанов (Комронбек Юсупов 28), Фарух Агаев (Муминхон Баходирхонов 41), Муслимбек Хабибуллаев, Диёрбек Таджиев (Диёр Ерманов 69), Даврон Тулаганов (Акмал Ахматов 63), Самир Курбанов (Саддам Ахмадов 25);

Аға жаттықтырушы: Зайнитдин Таджиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама